Жасыл экономика үлкен мүмкіндіктерге жол ашады

Фотография - Жасыл экономика үлкен мүмкіндіктерге жол ашады

2016 жылғы 28 сәуірде Мемлекет басшысы "жасыл экономикаға" көшу бойынша заңға қол қойға болатын

584 0

2016 жылғы 28 сәуірде Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

Бүгінгі уақытта, «жасыл экономиканың» жаһандық үрдісі экономиканың барлық салаларында энергия тиімділігін арттыру, жаңартылатын энергияны және экологиялық-қауіпсіз көлікті дамыту, қауіпсіз және сапалы азық-түлікке және суға қажеттіліктерін қамтамысыз ету, жаңа өнеркәсіптік және ақпараттық инфрақұрылым құру болып табылады.

Өзгерістер он бір заңнамалық актілерге енгізіледі (Жер, Су, Экологиялық, Кәсіпкерлік кодекстер және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы", "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы", "Газ және газбен жабдықтау туралы" Заңдары).

Осылайша, бизнес үшін "жасыл" технологияларды дамытудың жаңа мүмкіндіктері перспективаларына жол ашылады.

Қабылданған "Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" елдің "жасыл" даму жолына көшуіне негізделген экономиканың орнықты әрі тиімді моделін құрудың нақты бағдарын белгілеп берді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасы бекітілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 қаулысымен Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Іске асыру келесіні ұсынады.

1) су ресурстарын одан әрі тиімді пайдалану;

2) жаңартылытын электр энергетиканы дамыту;

3) қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру;

4) тұрақты және жоғарғы өндірмелі ауыл шаруашылығын дамыту;

5) ауаның ластануын азайту;

6) қоршаған орта мен экологиялық өмір сүру сапасын жақсартатын институционалды тетіктеріне көшу;

7) көмір қабаттарынан метанды барлау және өндіру бойынша қызметке инвестициялар тартуын ынталандыру.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!