БАЭ Ірі көлемде ақша жымқырған алаяқты Қазақстанға экстрадициялады

Фотография - БАЭ Ірі көлемде ақша жымқырған алаяқты Қазақстанға экстрадициялады

Күдікті бес миллион теңгені қолды қылып, жасырынып жүрген

190 0

БАЭ құзырлы органдары ірі көлемдегі алаяқтығы үшін Алматы ІІД іздеуге салған 28 жасар Николай Капустяньскийді Қазақстанға берді. Бұл туралы Бас прокуратураның Facebook парақшасында жазылған, деп хабарлайды Today.kz.

Николай Капустяньский 2013 жылы маусым айында коммерциялық ұйымға тиесілі бес миллион теңгені иемденіп, ізін суытқан.

"Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісім аясында (16.03.2009ж.) Біріккен Араб Әмірліктерінің құзырлы органдары ірі мөлшердегі алаяқтық үшін Алматы қаласының ІІД іздеу жариялаған 28 жасар Николай Капустянскийді ұстап беру туралы Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауын қанағаттандырды", – делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанға 5 сәуірде БАӘ-ден ірі алаяқтық бойынша өзге күдікті – дауға іліккен белгілі құрылысшы Мирхат Әлімбеков те экстрадицияланған болатын. Ол бір жарым миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!