Павлодар облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Фотография - Павлодар облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Мейрам Бегентаев жаңа лауазымға тағайындалды.

387 0

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жаңа облыс әкімінің орынбасарын таныстырды, деп хабарлайды Bnews.kz.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Мейрам Бегентаев жаңа лауазымға тағайындалды. Ол денсаулық сақтау, білім беру, тұрғындарды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау, тілдерді дамыту, мәдениет және мұрағаттар, ішкі саясат, діни және конфессияаралық саясат, жастар саясаты, дене шынықтыру және спорт, еңбек қатынастары мәселелерімен айналысады.

М.Бегентаев 1974 жылы Павлодар облысының Ертіс ауданында туған. 1996 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "Инженер-механик" мамандығы, 1999 жылы  Павлодар университетін "Заңгер" мамандығы бойынша тәмамдады.

Экономика ғылымдарының докторы ұзақ уақыт бойы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарма басшысы, департамент директоры, әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректор, әкімшілік департамент директоры, проректор, стратегиялық жоспарлау, әлеуметтік және тәрбие ісі бойынша бірінші проректор қызметтерін атқарды.

2003-2011 жылдары аралығында Павлодар қалалық маслихатының депутаты, 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы білім беру министірлігінің департамент басшысының орынбасары қызметін атқарды. Ал  2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

М. Бегентаев алға қойылған міндеттерді бұлжытпай орындауға уәде берді. 42 жастағы шенеунік үйленген, үш баланың әкесі.  

"Жаңа лауазымда Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында белгіленген міндеттерді орындаумен қатар, әлеуметтік саладағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыруға күш салуыңыз қажет,- деді облыс әкімі. – Сонымен бірге, тұрғындарды әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамту мәселелерін бақылауда ұстап, "Жұмыспен қамту жол картасы-2020" бағдарламасы шеңберінде жұмысты күшейту, білім беру саласындағы нысаналы индикаторларды жақсарту, азаматтармен, БАҚ өкілдерімен, қоғамдық, үкіметтік емес және жастар ұйымдарымен жұмысты жандандыру мәселелері бойынша нақты жұмыс атқаруыңыз қажет", - деп атап өтті Б. Бақауов.

Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ғани Сәдібеков ҚР Энергетика вице-министрі болып тағайындалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!