АШМ: Қазақстанда киіктердің жаппай қырылуы қайталануы мүмкін

Фотография - АШМ: Қазақстанда киіктердің жаппай қырылуы қайталануы мүмкін

Бетпақдала популяциясын қорғауды қамтамасыз етуді Ақбөте және Астана қалаларындағы жергілікті Батыс және орталық филиалдар жүзеге асырады.

113 0

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктерді қорғау бойынша жұмыстардың күшеюіне қарамастан, бұл жануарлардың жаппай қырылу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
 ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2016 жылдың 18 сәуірінен бастап Қазақстанның биоəртүрлілігін сақтау Ассоциациясымен (ғылыми жұмыстарды қамтамасыз ету) және "Қазавиақұтқару" АҚ-мен бірлесіп Бетпақдала, Орал және Үстірт популяциялары киіктеріне кезекті әуе санағын жүргізуде.
Ақбөкендердің көшіп-қону мекендері бойынша қорғау жұмыстарын күшейту мақсатында киіктердің төлдеу орындарында "Ырғыз-Торғай" және "Алтын дала" екі мемлекеттік табиғи резерваттарының инспекторларын қайта топтастыру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, киіктерді қорғауды қамтамасыз етудің практикалық шараларымен қатар ұйымдастырушылық жұмыстары да жүргізілді. Орал популяциясын қорғау үшін Орал қаласында "Охотзопром" оралдық бөлімшесі ашылды. Бетпақдала популяциясын қорғауды қамтамасыз етуді Ақбөте және Астана қалаларындағы жергілікті Батыс және орталық филиалдар жүзеге асырады.
Сонымен қатар браконьерлікпен қарсы күресті күшейту үшін "Охотзопром" базасында өтімділігі жоғары автомашинамен қамтамасыз етілген тәжірибелі инспекторлардан құралған 6 (алты) арнайы жұмылдыру топтары құрылды. Мәселен, 2014 жылы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бағынысты ұйымдарының инспекторлары рейдтік іс-шара жүргізу барысында браконьерлік және киік мүйіздерін саудалау бойынша шамамен 79 факті, ал 2015 жылы 107 әшкерелеп отыр.
Киіктерді қорғау шаралары қаншалықты ұтымды әрі оперативті жүргізілгенімен, ҚР АШМ өткен жылғы киіктердің жаппай қырылуының қайталанбасына қатты алаңдаушылық танытып отыр.
2016 жылы 4-5 сәуірде Астана қаласында Қазақстанның кедендік, ғылыми, табиғат қорғау ұйымдарының, Ұлыбритания, Германия сарапшыларының қатысуымен Халықаралық жиын өтіп, нәтижесінде Бетпақдала популяциясы киіктерінің өткен жылғы жаппай қырылуының халықаралық және отандық мамандандырылған институттарда жүргізілген далалық және лабораториялық зерттеулерінің нәтижелері талқыланды.
Қазіргі уақытта ҚР БҒМ ғылыми ұйымдарының алдында пастереллездің қозуының нақты себептерін анықтау, сондай-ақ, болашақта киіктерге қатысты жұттың алдын ала шараларының жүргізілуі бойынша нақты тапсырма жүктеліп отыр.

newskaz.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!