Қазақстанда барлық ішкі ағзаларға трансплантациясы жасалады - ҚДМ

Фотография - Қазақстанда барлық ішкі ағзаларға трансплантациясы жасалады - ҚДМ

Бірегей технологиялардың дамуы бүгінгі таңда Қазақстанда барлық ішкі ағзаларды ауыстыруға мүмкіндік беріп отыр.

194 0

Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі отандық мамандар жасаған ішкі ағзаларды трансплантациялау бойынша оталардың атап көрсетіп отыр.

"Бірегей технологиялардың дамуы бүгінгі таңда Қазақстанда барлық ішкі ағзаларды ауыстыруға мүмкіндік беріп отыр. Бұл үшін қуатты кадрлық, интеллектуалдық, ғылыми және ресурстық әлеует жасалып отыр, жақсы материалдық-техникалық база да жасақталды", — делінген хабарламада.

2010 жылдан бастап Қазақстанда жоғарғы технологияларды қолдану арқылы емделген пациенттер саны 5 есеге өсті. Сонымен бірге, аталған қызметті кеңінен енгізуге байланысты, 2014 жылдан бастап 30 жоғары мамандандырылған көмек (әрі қарай — ЖММК) мамандандырылған көмек қатарына ауыстырылды.

ЖММК – азаматтар диагностикалау мен емдеудің ерекше қиын тәсілін әрі бірегей медициналық технологияларды талап ететін аурумен сырқаттанған жағдайда медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсетуі.

2010 жылдан бастап Денсаулық сақтаудың бірегей ұлттық жүйесін енгізу – еліміздің барлық өңірлерде жоғарғы технологиялардың белсенді дамуына ықпал етті. Бұл ЖММК-нің ауыл тұрғындарына қолжетімді болуын қамтамасыз етіп отыр.

ЖММК қызметі 2010 жылы 10690 адамға, 2011 — 34706, 2012 жылы – 41747, 2013 жылы – 54454, 2014 жылы – 46391 және 2015 жылы – 55975 пациентке көрсетілді.

Сонымен бірге, елімізде соңғы жылдарда отандық трансплантологияны дамыту бойынша кешенді шаралар қолданылуда. Бұл жылдан жылға трансплантология көрсеткішін ұлғайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Егер 2010 жылы тек 2 технология енгізілсе, 2011 жылы – 4, 2012 жылы – 7, ал 2015 жылдан бастап 10 енгізілді. Бұл – жүрек, бауыр, жасанды сол жақ асқазан, бүйрек, ұйқы безі, сүйек кемігін ауыстырып отырғызу бойынша оталар. Бұған дейін мұндай медициналық қызметтерді алу үшін еліміздің азаматтары тек шетел қызметтеріне жүгінетін.

Қазақстанда алғаш рет жүректі ауыстырып отырғызу 2012 жылы жасалған болатын. Ал 2015 жылы осындай 20 ота жасалды. 2012 жылы 6 пациенттің бауыры ауыстырылса, 2015 жылы мұндай ота 51 адамға жасалды. Ең көп ауыстырылып отырғызылған мүше – бүйрек. 2010 жылы – 9, 2015 жылы 204 ота жасалды. Сүйек кемігі 2010 жылы 1 пациентке ауыстырылды, 2015 жылы 44 адамға жасалды.


newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!