Сарбазды граната жарылысынан аман алып қалған полковник Ақордада марапатталады

Фотография - Сарбазды граната жарылысынан аман алып қалған полковник Ақордада марапатталады

Қайрат Үмбетов "Айбын" орденімен марапатталады деп күтілуде

309 0

Қарағанды облысы Қарабас ауылындағы полигонда әскери жаттығу барысында қатардағы сарбазды құтқарып қалғаны үшін мемлкеттік сыйлыққа ұсынылған 6505 әскери бөлімінің бастығы Қайрат Үмбетов, награданы Бас қолбасшының қолынан алады, деп жазады Today.kz

"Орталық"  аймақтық басшылығының баспасөз қызметінің жетекшісі Қанат Дос хабарлағандай, қаһарманға құрмет білдіру Ақордада өтеді. Полковникке "Айбын" ордені табысталады деп күтілуде.

Естеріңізге салсақ, 7 сәуірде штаттық жаттығу барысында РГД-5 гранатасының жарылуы нәтижесінде штаб басшысы Қанат Үмбетов және қатардағы жауынгер Абзал Сұлтанқұлов жараланған болатын. Үмбетов сарбазды итеріп жіберіп, оны өз денесімен жауып қалған.

ТЖ-дан кейін "Орталық"  аймақтық басшылығының жетекшісі Еркін Ботақанов оқиға үшін ешкім жазаланбайтындығын айтқан. Ал Абзал Сұлтанқұловтың туыстары Елбасына хат жазып, полковникті наградаға ұсынуды сұраған. Кейін бұл бастаманы мажіліс депутаттары қолдаған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!