Қарағұсова:шетелдіктер жер үшін кезекте тұрған жоқ

Фотография - Қарағұсова:шетелдіктер жер үшін кезекте тұрған жоқ

Қоғамның наразылығын тудырған жер кодексіне өзгерістер 2016 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енуі тиіс.

215 0


Сәуірдің соңында Қазақстан өңірлерінде қоғам өкілдері ауыл шаруашылығына арналған жерлерді шетелдіктерге 25 жылға жалға беруге қарсы шыға бастады. Қоғамның наразылығын тудырған жер кодексіне өзгерістер 2016 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енуі тиіс.

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова шетелдіктер Қазақстанда жерді жалға алу үшін кезекте тұрған жоқ деп мәлімдеді.

"2013 жылдан бастап біз инвестициялар туралы заңға инвесторлар үшін жеңілдіктер енгіздік, 10 жылға салықтың барлық түрлерінен босату, либералды көші-қон режімі туралы өзгерістер енгізілді… Қазір 2016 жылы, өкінішке орай, ешкім (инвесторлар) келген жоқ. Бізде жердің 0,06%-ы шетелдіктерге жалға берілген. Оның 2%-ы қырғыздар, 2% —ы өзбектер және  2% —ы еуропалықтар, олардың арасында немістер және голландықтар бар. Жер алғысы келетін, технологияларын әкелгісі кеп кезекте тұрған шетелдіктерді біз көріп отырған жоқпыз", — деді Қарағұсова орталық коммуникациялар қызметінде брифингте.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!