Қ.Тоқаев Польша Сенатының Маршалымен келіссөз жүргізді

Фотография - Қ.Тоқаев Польша Сенатының Маршалымен келіссөз жүргізді

Қос тарап Қазақстан мен Польшаның аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көзқарастарының ұқсастығын атап өтті

97 0

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Польша Сенатының Маршалы Станислав Карчевскиймен келіссөз жүргізді, деп жазды Baq.kz.

Төрағалар Қазақстан мен Польшаның ынтымақтастығының жайын талқылады, сондай-ақ маңызды халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Қ.Тоқаев пен С.Карчевский парламентаралық үнқатысуды және екі ел парламенттерінің жоғарғы палаталарының өзара іс-қимылын жалғастыру туралы уағдаласты. Жүздесушілер сондай-ақ Қазақстан мен Польшаның аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көзқарастарының ұқсастығын атап өтті. Қ.Тоқаев кездесу соңында: "Польша Шығыс Еуропадағы ең дамыған елдердің бірі, бұл мемлекеттің әлеуеті өте жоғары, сондықтан Қазақстан үшін бұл елмен ынтымақтастықты одан әрі дамыту тиімді. Елбасы бұл мемлекетпен екіжақты қарым-қатынасты тереңдету үшін көп еңбек етті. Ал, қазір біз осы саладағы жұмысты жалғастырып отырмыз", - деді. С.Карчевский өз кезегінде Польша Қазақстанды стратегиялық әріптес ретінде қарастыратынын және саяси, экономика, сауда және инвестиция салаларындағы өзара іс-қимылды ілгерілетуге ниетті екенін жеткізді. Сенат Маршалы Польшада Президент Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесін жоғары бағалайтынын атап өтті. "Біз Президенттің Манифесте айтқан пікірін толықтай қолдаймыз. Тек бейбітшілікті нығайту мен қарусыздану ғана әлемдегі қатынастарға оң әсер ете алады", деді С.Карчевский. Польша Сенаты Төрағасының сапар бағдарламасында Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен, Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовпен, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановпен кездесу, сонымен қатар Жамбыл, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын аралау көзделген. С.Карчевскиймен бірге Польша сенаторлары, Сейм депутаттары, министрліктер мен мекемелердің жоғары лауазымды адамдары, сондай-ақ журналистерден тұратын делегация жүреді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!