Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Фотография - Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Сұлтанбек Мәкежанов мұның алдында Алматының Медеу ауданының әкімі болған

202 0

Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Талғат Сауранбаевты Медеу ауданының әкімі болған Сұлтанбек Мәкежанов алмастырды, деп жазады Today.kz.

Сұлтанбек Алмасбекұлы Мәкежанов 1961 жылы 26 қаңтарда Жамбыл облысы Мерке ауданында дүниеге келген. Целиноград инженер-құрылыс институтын, Халықаралық еңбек академиясын тәмамдаған 1993-1998 жылдары - "Астана-банк" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, "Қазақинвест" корпорациясының вице-президенті.

1998-2002 жылдары кәсіпкерлікпен айналысты. 2002-2004 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі, аппарат басшысы.

2004-2006 жылдары - "Нұр Отан" партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппаратының жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2006-2010 жылдары - Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы. 2010 жылдың желтоқсанынан бастап Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!