Қазақстанда кейбір биологиялық белсенді қоспалар заңсыз болып шықты

Фотография - Қазақстанда кейбір биологиялық белсенді қоспалар заңсыз болып шықты

Бұл кей ББҚ құрамында тыйым салынған дәрілік заттар табылғанына байланысты болды

674 0

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті "АЛИ КАПС" және "СЕАЛЕКС ФОРТЕ" ББҚ-ның мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерін қайтарып алды және олардың күшін жойды, деп жазады Today.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг шеңберінде жүргізілген зертханалық зерттеулердің қорытындысы бойынша биологиялық белсенді қоспаларда тыйым салынған дәрілік заттар табылған. Осыған орай, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті биологиялық белсенді қоспалар тобының мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерін қайтарып алады және олардың күшін жояды.

Бұл келесі препараттарға қатысты:

1) "АЛИ КАПС" ("ALI CAPS")0,4 г.капсулалары, (дайындаушы (өндіруші) "ВИС" ЖШҚ, Сестрорецк қ., Санкт-Петербург қ., Максим Горький көш., 36/19-үй А лит., Ресей Федерациясы) – 2013 жылғы 8 сәуірдегі № KZ.16.01.78.003.E.000638.04.13 мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;

2) "АЛИ КАПС" ("ALI CAPS") 0,45 г.капсулалары, (дайындаушы (өндіруші) "ВИС"ЖШҚ,Сестрорецк қ., Санкт-Петербург қ., Максим Горький көш., 36/19-үй А лит., Ресей Федерациясы) –2014 жылғы 5 ақпандағы № KZ.16.01.78.003.E.000180.02.14мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;

3) "АЛИ КАПС до последнего патрона" ("ALI CAPS to the last bullet"), (дайындаушы (өндіруші) "ВИС" ЖШҚ,Сестрорецк қ., Санкт-Петербург қ., Максим Горький көш., 36/19-үй А лит., Ресей Федерациясы) - 2015 жылғы 2 қазандағы KZ.16.01.98.003.E.005058.10.15мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;

4) "Сеалекс форте" (SEALEX FORTE) 0,4 г. капсулалары, (дайындаушы (өндіруші) "ВИС" ЖШҚ,Сестрорецк қ., Санкт-Петербург қ., Максим Горький көш., 36/19-үй А лит., Ресей Федерациясы) - 2013 жылғы 8 сәуірдегі № KZ.16.01.78.003.E.000640.04.13 мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;

5) "Сеалекс форте" (SEALEX FORTE) 0,42 г. капсулалары, (дайындаушы (өндіруші) "ВИС" ЖШҚ,Сестрорецк қ., Санкт-Петербург қ., Максим Горький көш., 36/19-үй А лит., Ресей Федерациясы) - 2014 жылғы 5 ақпандағы № KZ.16.01.78.003.E.000177.02.14мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;

6) "Сеалекс форте символ Марса" (SEALEX FORTE Mars Symbol), (дайындаушы (өндіруші) "ВИС" ЖШҚ,Сестрорецк қ., Санкт-Петербург қ., Максим Горький көш., 36/19-үй А лит., Ресей Федерациясы) - 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № KZ.16.01.97.003.E.004782.09.15 мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;

7) "Сеалекс форте символ Марса" (SEALEX FORTE Mars Symbol),(дайындаушы (өндіруші) "ВИС" ЖШҚ,Сестрорецк қ., Санкт-Петербург қ., Максим Горький көш., 36/19-үй А лит., Ресей Федерациясы) - 2015 жылғы 24 қыркүйектегі № KZ.16.01.97.003.E.004962.09.15.


Тегтер:

заңсыз ББҚ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!