Ерболат Досаев пен оның орынбасары отставкаға кетті

Фотография - Ерболат Досаев пен оның орынбасары отставкаға кетті

Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбековке сөгіс жарияланды.

4438 2


Жер саудасына қатысты басы дауға қалған Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев қызметінен босады, - деп хабарлайды Қамшы порталы.

Естеріңізге салсақ, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен жиын өтуде. Оған Үкімет жетекшісі мен мүшелері, Президент әкімшілігінің лауазымды тұлғалары мен басқа да мемлекеттік орган басшылары қатысуда. ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Дәурен Абаевтың хабарлауынша, жиында бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқылануда.

Сондай-ақ, жиын үстінде Елбасы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев пен оның орынбасары Қайырбек Өскенбаевті лауазымдарынан босатқаны, Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбековке сөгіс жариялағаны белгілі болды.



Загрузка...

Пікір (2)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Маймыл 5 мам. 2016

Елбасымыз жасасын.

Жауап беру


Далина 6 мам. 2016

Елбасының сенімінен шықпаған шенділер осылай отставкаға кетеді. Бастысы мәселе халықтың пайдасына шешілді.

Жауап беру