Назарбаев ҚР Жер кодексіне түзетулер енгізуге мораторий жариялады

Фотография - Назарбаев ҚР Жер кодексіне түзетулер енгізуге мораторий жариялады

Елбасы жерге қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізу мен оны түсіндіру кезіндегі кемшіліктерді сынға алды.

6332 0

Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы Жер кодексіне енгізілген төрт түзетугемараторий қойды, деп жазады Today.kz. Бұл туралы Қазақстан Президенті Ақордада өткен осы күнгі ең өзекті мәселелерді талқылау бойынша отырыс барысында мәлімдеді. 

Кеңеске Парламент палаталарының төрағалары, Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің басшысы, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысуда.

"Елге ешқандай ауылшаруашылық жері сатылмайтынын түсіндіру керек еді. Сондықтан мұнда спекуляция болды. Яғни, тиісті топтарға бұл нормалар толық жетпеді. Алайда, заңды қабылдау мен нормалары қоғамда талқылауға түспеді, адамдардың қауіптенуі, дабыл қағуы ақталды. Егер біздің азаматтар мұны түсінбесе, қабылданған шешімдерге сенімсіздік танытса, яғни, бұл дұрыс болмағаны. Біз барлығын адамдар үшін жасап отыр емеспіз бе? Яғни, қоғамда осы мәселеге қатысты заңнамаларға енген өзгерістерге күдік туды", - деді Елбасы.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!