Елбасы Үкімет жанынан "қауырт желі" құруды тапсырды

Фотография - Елбасы Үкімет жанынан "қауырт желі" құруды тапсырды

Елбасы "Электрондық Үкімет" порталы арқылы 1 млн 200 мыңнан астам мемлекеттік қызметтерге қол жеткізгенін атап өтті.

252 0

Жұртқа барлық нормаларды, оларды қалай қолдануды, кімге жүгінуді түсіндіру үшін Үкімет жанынан бірыңғай колл-орталық – "қауырт желі" құру қажет. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы кеңес барысында айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Мемлекет басшысы тек бірінші тоқсанның өзінде қазақстандықтар "Электрондық Үкімет" порталы арқылы 1 млн  200 мыңнан астам мемлекеттік қызметтерге қол жеткізгенін атап өтті.

"Электрондық Үкімет" бірыңғай байланыс орталығына күн сайын 700 қызмет түріне қатысты 20 мыңнан астам сұрақ түседі. Бұл ресурс неге іске қосылмаған? Онлайн режімінде бірде-бір түсіндірме немесе кеңес болған жоқ. Халық сауал қоя бастаған кезде ғана "ояндыңдар". Жұртқа барлық нормаларды, оларды қалай қолдануды, кімге жүгінуді түсіндіру үшін Үкімет жанынан бірыңғай колл-орталық – "қауырт желі" құруды тапсырамын. Бірде-бір сұраққа біліктілікпен жауап берілмей қалмауы үшін жауапты адамдарды да бекітіңдер. Бұл өңірлерге де қатысты, олардың әрқайсысында осындай кеңес беру орталықтары жұмыс істейтін болсын", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!