Мәжіліс бюросы күн тәртібін нақтылады

Фотография - Мәжіліс бюросы күн тәртібін нақтылады

Бюро отырысы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен өтті

197 0

Бүгін Мәжіліс Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланд, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызмет.

Халық қалаулылары назарына Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Макроэкономикалық басқару және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы даму саясатын қаржыландыру бойынша бірінші кредит) ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылмақ. Бұл заң жобасы Қазақстан Үкіметінің макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және елдің орнықты экономикалық өсуі үшін қажетті жағдайлар жасау шараларын жүзеге асыру мақсатын көздейді.

Сонымен қатар, жалпы отырыста 2014 жылғы 23 желтоқсандағы ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттамаларды ратификациялауға қатысты заңнамалық құжаттар жұмысқа қабылданады деп күтілуде.

Осы күні қорғаныс және әскери қызмет, сондай-ақ, бәсекелестік мәселелері бойынша түзетулерге байланысты заң жобалары жөнінде бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалатын болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!