Қазақстанның әскерилері хаммерлермен киіз үйдің элементін тұрғызды

Фотография - Қазақстанның әскерилері хаммерлермен киіз үйдің элементін тұрғызды

Әскери қызметшілер Қазақстанның армиясын өз халқы үшін осындай қорғаныс және тіреуішпен салыстырды.

384 0

Қазақстандық бітімгершілік батальонының әскери қызметшілері Отан қорғаушылар күні қарсаңында айрықша флэшмоб өткізді. Осындай тәсілмен бітімгерші әскери қызметшілер өздерінің барлық әріптестері мен қаруластарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Мейрам қарсаңында қазақстандық бітімгершілік батальонының әскери қызметшілері әскери техниканы жүргізу және басқару шеберлігін паш етіп, ерекше флэшмоб өткізді.
Әскери машиналарды алты лекке тізіп, олар қақтығыс болдырмай қозғалыста нақты және үйлесімді түрде керегенің символын (киіз үйдің құрамды бөлігін) құрды. Бұл ретте барлық іс-қимылға санаулы минуттар ғана кетті.
Кереге – бұл киіз жабынымен бірге желден берік қорғаныс, сондай-ақ уыққа, сондан кейін шаңыраққа бекітілетін тіреуіш болып табылатын киіз үйдің негізі.
Осылайша, әскери қызметшілер Қазақстанның армиясын өз халқы үшін осындай қорғаныс және тіреуішпен салыстырды.


newskaz.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!