Түркия Премьер-министрі қызметінен кететінін мәлімдеді

Фотография - Түркия Премьер-министрі қызметінен кететінін мәлімдеді

"Әділет және даму" партиясының отырысында кезектен тыс съезді мамыр айының 22-сі деп бекітілді.

268 0

Бүгін Түркия Премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы елді басқарушы "Әділет және даму" партиясының жиынынан соң өткен баспасөз мәслихатында қызметтен кететінін ресми мәлімдеді. 

Бұл жағдайды түрік басылымдары: "Ел тарихында алғаш рет үкімет жетекшісі сайлау додасында жеңіліп емес, партиядағы ішкі мәселеге байланысты орын босатуға мәжбүр болды", – деп хабарлайды. Үкімет тізгінін Ахмет Дәуітоғлы 2014 жылы ұстады. Ол 20 айға жуық уақыт ішінде қазіргі билік партиясының стратегиялық жоспарын бекітіп, экономикалық даму бағдарламаларын қабылдады. Парламенттің талқылауына босқындар мен күрд мәселесінің шешу жолдарына қатысты ұсыныс білдірді. Бүгін "Әділет және даму" партиясының отырысында кезектен тыс съезді мамыр айының 22-сі деп бекітілді. Алқалы жиында билік партиясының жаңа төрағасы мен үкімет жетекшісі белгілі болады.

Ахмет Дәуітоғлы, Түркия Республикасының Премьер-министрі - Үкімет жетекшілігімде қызметімнің 4 жылға жетпеуі менің қалауым емес, қажеттіліктен туындады. Соңғы 25 жылдық өмірімде ғылыми салада жұмыс істеп министр де, үкімет басшысы лауазымында да атқардым. Бұл қызметке мен партиямыздың құрушы көшбасшысы Режеп Тайип Ердоғаннан кейін келдім. Әлбетте жауапкершілікті сезіне отырып, тынбай еңбек еттім. Оған халқым куә.
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!