Досаевтың орнына Ұлттық экономика министрі болып Қуандық Бишімбаев тағайындалды

Фотография - Досаевтың орнына Ұлттық экономика министрі болып Қуандық Бишімбаев тағайындалды

Мұның алдында Ерболат Досаев отставкаға кеткен болатын

917 0

ҚР ұлттық экономика министрі болып Қуандық Бишімбаев тағайындалды, мұның алдында ол "НҰХ "Байтерек" АҚ-ны басқарған болатын, деп жазады Today.kz. Естеріңізге салсақ, бұрынғы министр Ерболат Досаев Жер кодексіне байланысты даудан отставкаға кеткен болатын.

Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы 1980 жылы 11 сәуірде Қызыл-Орда қаласында дүниеге келді.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Д.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Дж. Вашингтон Университетін бітірді.
Экономика ғылымдарының кандидаты.
2001. "Қазақстанның даму банкі" АҚ менеджері, бас менеджері.
2002-2003. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары.
2003-2004. "Ұлттық инновациялық қоры" АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі.
2004-2005. "Маркетингтік және талдау зерттеулер орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі.
2005. "Ордабасы" Корпорациясы" АҚ вице-президенті, "Интеркомшина" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
2005-2006. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.
2006. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі.
2006-2007. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жанындағы "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ Президенті.
2007. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі.
2008-2009. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторингі бөлімінің меңгерушісі.
2009-2010. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2010. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі.
2011 жылдың 23 маусым айында "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қор" АҚ-ның Директорлар Кеңесінің төрағасы болып сайланды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!