Премьер-министр Үкіметке бірқатар тапсырма берді

Фотография - Премьер-министр Үкіметке бірқатар тапсырма берді

Фото: ©Арман Мухатов

"Бүгін біз Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес бірнеше шешім қабылдауымыз қажет", - деді К.Мәсімов.

486 0

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 мамырдағы кеңесте берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша ҚР Үкіметі отырысын өткізді, деп хабарлайды BNews.kz.

Отырыс барысында Премьер-Министр "Президент тарапынан жалпы Үкіметке және жеке министрліктерге қатысты жер заңнамасын жүзеге асыру мәселелері бойынша орынды сын айтылғанын" баса айтты. 

"Бүгін біз Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес бірнеше шешім қабылдауымыз қажет", - деді К.Мәсімов.

Сонымен, Премьер-Министр мыналарды тапсырды:

• Орталық және жергілікті атқарушы органдарға Мемлекет басшысы жариялаған Жер кодексінің кейбір нормаларына келесі жылға дейінгі мораторийден туындайтын тиісті шаралар қабылдау.

• Қысқа мерзімде Премьер-Министрдің Орынбасары Б.Сағынтаевтың басшылығымен жер заңнамасын түсіндіру бойынша Комиссияның тиімді жұмысы үшін қажетті шаралар қабылдау.

• Жер қатынастарын реттеу саласындағы мәселелерді Ұлттық экономика министрлігінен Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсыру.

• Инвестициялар және даму министрлігінен ақпарат саласындағы сәйкес функцияларды тапсыра отырып, Қазақстан Республикасының жаңа Министрлігін құру бойынша қажетті рәсімдер жүргізу.

• Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне міндетті медициналық сақтандыруды енгізу бойынша іс-қимылдың Жол картасын әзірлеу.

• Білім және ғылым министрлігіне орта мектептерде оқу жылын ұзарту мәселелері бойынша және үш тілді білім беруді енгізу мерзімдері туралы қоғамның пікірін зерттеу.

• Премьер-Министрдің Орынбасары Дариға Назарбаеваға өңірлердегі консультациялық орталықтармен бірге Үкімет жанындағы бірыңғай сall-орталық – жүргізілген реформалар туралы түсіндіру үшін "жедел желі" құру.

"Жауапты адамдарды бекіту қажет, бірде-бір сұрақ жауапсыз қалмауы тиіс", – деді ол.

"Әр басшы өз құзіреттілігі аясында реформалардың барлық бағыттары бойынша қоғамның қатынасын талдап, өз қызметінде тиісті түзетулер енгізуі тиіс", - деп баса айтты К.Мәсімов.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жемісті және конструктивті жұмыс қалыптастыру қажет. Нақты айтқанда, кеше ел Президенті бізге тағы да сенім білдірді, енді біз өзіміздің тиімді жұмысымызбен сол сенімді ақтауымыз тиіс", – деп түйді Премьер-Министр сөз соңын.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!