Кей өңірлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Фотография - Кей өңірлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды

519 0

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстан аумағының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түсіп, жел күшейеді. 

Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды.
Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел – 15-20 м/с.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, тұман түседі, желдің жылдамдығы – 18 м/с.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.
Түнде Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды деп болжанып отыр.
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!