Ұлы Жеңіске 71 жыл толды

Фотография - Ұлы Жеңіске 71 жыл толды

Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, оның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты.

1456 0

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесі тойланады. Осыдан тура 71 жыл бұрын Кеңес әскері Германияны тізе бүктірген болатын, деп хабарлайды BNews.kz.

1941—1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, оның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы болатын. Алғы шепте Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полк пен батальон шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусті, Балтық жағалауы елдері мен Молдованы азат етуге қатысты.

Айта кетерлігі, неміске атылған 10 оқтың, 9-ы Қазақстанда жасалды.

Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандық болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К.Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е.А.Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті.

Әрқайсы 200-ден астам жауынгерлік тапсырма орындап, бірнеше жүз фашистің көзін жойған шабуылшы ұшқыштар: Талғат Бигелдиновке, Леонид Бедаға және Иван Павловқа, сондай-ақ 37 ұшақты және топтасып жүргізілген ұрыстарда жаудың тағы 6 ұшағын атып түсірген Сергей Луганскийге екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан қазақ қыздары: пулеметші Мәншүк Мәметова мен 54-атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталды.

Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерлігі үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, 142 адам кеудесіне Даңқ орденін тақты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін еліміздің 15 өңірінде "Мәңгілік полк" шеруіне 45 мыңға тарта адам қатысады. 

"Мәңгілік полк" акциясына қатысушылар өздерінің Ұлы Отан соғысына қатысқан туған-туыстарының портретін ұстап, қала көшелерімен жүріп өтеді.

Шараға ардагерлер де қатысады. Еліміздегі ең ірі шеру Алматыда өтеді деп жоспарланып отыр. Оған 15 мыңға жуық адам қатыспақ. Қатысушылар 8.30-да «Астана» алаңында жиналып, 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауға дейін жүріп барады.  

Ал елордалықтар сағат 12:30-да Тәуелсіздік көшесі, 34 мекен-жайында бас қосып, сол жерден "Отан қорғаушылар" монументіне барып, гүл шоқтарын қояды.   




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!