Алматыда Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюға бес мыңнан астам адам жиналды

Фотография - Алматыда Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюға бес мыңнан астам адам жиналды

Гүл қою рәсімі жылдағы салт бойынша 28 Панфиловшылар паркінде өткізілді.

349 0

Алматы қаласының ардагерлері мен тұрғындары нөсерлетіп жауған жаңбырға қарамастан 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябаққа келіп, соғыста қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етті, деп хабарлайды BNews.kz.

Ескерткішке ардагерлермен бірге алғашқылардың бірі болып Алматы әкімі Бауыржан Байбек гүл шоқтарын қойды.  

"Біз бүгінгідей бейбіт күн үшін қанын төгіп, жанын берген әке-аталарымыз үшін табиғат та күңіреніп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан еліміздегі бейбіт өмірдің қадірін біліп, оны сақтауға тиіспіз. Әрқашан бейбітшілік пен келісім болсын, барлығыңызға денсаулық, бақыт тілеймін!", - деді әкім.

Фото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз Толеке

Ардагерлер де жас буынға амандық, бақыт тіледі.  

"Қымбатты алматылықтар, сіздерді Жеңіс күнімен құттықтаймын, ашық аспан тілеймін! Біз қолымыздан келгеннің бәрін істедік, ендігі кезек сіздерде!", - деді ҰОС ардагері Файзула Нуралинов.    

Салтанатты шара соңында ардагерлер сыйлық алып, дала асханасынан дәм татты.  

Айта кетейік, Алматыда бүгінде 650-ге тарта ардагер тұрады.  

Фото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз Толеке



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!