Жер реформасына қатысты комиссия жұмысына көпшіліктің пікірі қарастырылады

Фотография - Жер реформасына қатысты комиссия жұмысына көпшіліктің пікірі қарастырылады

Фото: ©Арман Мухатов

Қомиссия құрамына 75 адам кіреді.

1041 1


Президенттiң тапсырмасымен елiмiзде Жер реформасы жөнiндегi комиссия құрылды. Оның алғашқы отырысы 14 мамырға жоспарланған. Комиссияға ҚР Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев төрағалық етедi, деп хабарлайды BNews.kz.

"Елбасының тапсырмасына сәйкес, Жер реформасы жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамына 75 адам кіреді, олардың iшiнде Сенат және Мәжiлiс депутаттары, Үкiмет мүшелерi, мемлекеттiк органдардың, саяси партиялардың, агробизнес өкiлдерi, ғалымдар, қоғам белсендiлерi бар. Комиссияда барлық өңiрлердiң өкiлдерi қамтылған. Бiз елiмiзді, оның бейбiт болашағы үшiн алаңдайтын азаматтарды ынтымақтасуға шақырдық", - дейді комиссия төрағасы Б.Сағынтаев.

Оның айтуынша, халықты барынша қамту үшiн облыстық әкiмдiктiң жанынан құрылған қоғамдық кеңестер де осы жұмысқа жұмылдырылмақшы.

"Комиссия бiздiң азаматтарымыздың пiкiрталастарының барысы туралы барынша шынайы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ашық түрде алуы үшiн жұмыс iстейді", - дейдi Б.Сағынтаев.

Бұдан бөлек, арнайы "Jerturaly.kz" порталы iске қосылып отыр. Порталда комиссияның жұмысы туралы барлық ақпарат жарияланады.

"Бұл сайтта адамдар көкейтестi сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын қалдыра алады. Қосымша арнайы Call-center жұмыс істейді", - дейдi комиссия төрағасы.

Жер реформасы жөнiндегi комиссияның алғашқы отырысы 14 мамыр күні Астанада өтедi. Сондай-ақ комиссия мүшелерi өңiрлерге баруды жоспарлап отыр.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Сержан 12 мам. 2016

Ермек Нарымбаев адвокат почему то не в списке.От общественности юрист,адвокат,правозащитник его надо включить в список комисси.

Жауап беру