ОҚО әкімі Шымкенттегі бірқатар емдеу мекемелерінде болып қайтты

Фотография - ОҚО әкімі Шымкенттегі бірқатар емдеу мекемелерінде болып қайтты

Нысандарды аралау кезінде өңір басшысы облыстық СПИД орталығымен таныст

200 0

Кеше өңір басшысы Б.Атамқұлов Шымкент қаласындағы бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралап, өзекті мәселелер бойынша жауапты сала мамандарына тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ең алдымен, аймақ басшысы №1 облыстық перинаталдық орталығының жұмысымен танысып, ондағы аналардың жағдайына қанық болды. Іргетасы 1934 жылы қаланған орталыққа облыстың 12 ауданынан неонатальді және экстрагенитальді потология, гинекологиялық аурулар сынды диагноздармен аяғы ауыр әйелдер келіп, босанады. Соңғы он жылда мұндағы туу көрсеткіші екі есеге артып, 4 мыңнан 10 мыңға жетсе, 15 мыңнан астам ана мен бала түрлі дәрежедегі емдерді қабылдайды. Бүгінгі таңда 8 ауданға кураторлық көмек көрсетіп отырған мекемеде 350 әйел көмек алады. 

Орталықтың жұмысымен танысқан Б.Атамқұлов жауапты сала басшыларына мекемені бейнебақылау жүйесімен, соңғы медициналық құрылғылармен толықтай қамтамасыз етуді тапсырып, ғимаратты заманауи стандарттарға сәйкес етуді жүктеді.   

Мұнан соң, облыс әкімі облыстық «Ана мен бала» орталығында болды.  Күні бүгінге дейін бұл орталықта 227 бала тіркелсе, 200-ге жуығы антиретровирусты терапияны қабылдайды.  Сондай –ақ, биыл Оңтүстіктегі орталық мамандары психолог көмегіне жүгіне отырып, науқас балалармен және олардың ата-аналарымен психологиялық кеңес құру барысында тиімді методика қалыптастырып отыр.

Орталық жұмысымен танысу барысында облыс басшысы Б.Атамқұлов ондағы балаларды Сарыағаш, Біркөлік сынды демалыс аймақтарына апарып, Түркістан, Отырар сияқты тарихи орындарға саяхаттатуды тапсырды.

Нысандарды аралау кезінде өңір басшысы облыстық СПИД орталығымен танысты. Іргетасы 1954 жылы қаланған бұл орталықта 176 маман жұмыс істейді. Мәлімет бойынша, бүгінде аталған мекемеде 1594 науқас тіркелген. Ғимарат тарихымен танысып, зертхана жабдықтарын аралап көрген Б.Атамқұлов орталық мамандарымен сұхбат барысында сауатты қызмет көрсетуді қадап айтты.

                                                                         



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!