Оңтүстік Қазақстанда "TURKESTAN 2016" халықаралық фотоэкспедициясы өтеді

Фотография - Оңтүстік Қазақстанда "TURKESTAN 2016" халықаралық фотоэкспедициясы өтеді

Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды

508 0

2016 жылдың 14 мамыр күні  "Фотоөнер" Қоғамдық бірлестігі  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Тәуелсіздік тағылымы" атты ұлттық жобасымен Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, халықаралық "TURKESTAN 2016"  фотоэкспедициясын ұйымдастырады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі 

Болашақ ұрпаққа арнап Тәуелсіздік алғаннан бері жиырма бес жыл ішінде орын алған және объективке түскен мемлекеттік, қоғамдық және рухани өміріміздегі басты оқиғалардан фотошежіре құруды мақсат еткен жоба «Ел мақтаныштары» фотокөрмесі, «Turkestan - 2016» Халықаралық фотоэкспедициясы, "Менің Елім – Қазақстан" фотобайқауы және "Менің Елім – Қазақстан" фотобайқауы сындышаралардан тұрады.

Ұлттық жоба аясында 14 мамыр күні, таңертең, жерлесіміз Шүкір Шахайдың 50 жылдық мерейтойына байланысты "Шүкір Шахай – 50" және "Ел мақтаныштары" фотокөрмесінің ашылуы  өтіп, түс ауа жұмыс тобы Отырар ауданына түсірілім жасауға жолға шығады.

Ал 15-16 мамыр күндері шараға қатысушылар Түркістандағы тарихи орындар мен Ордабасы ауданындағы Қажымұқан мұражайын, Түлкібас ауданындағы Ақсу Жабағылы қорығындағы әсем табиғатты суретке түсіреді.

 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!