ҚР "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңы халықаралық дәрежеде жоғары бағаланды

Фотография - ҚР "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңы халықаралық дәрежеде жоғары бағаланды

Женевада өткен Ақпараттық қоғам мәселелері жөніндегі дүниежүзілік форумға қатысушылар Заңды қарады

377 0

2-6 мамырда Женевада өткен Ақпараттық қоғам мәселелері жөніндегі дүниежүзілік форумға қатысушылар "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" ҚР Заңын қарап, сарапшылық топ мүшелері барынша көп оң рецензиялар берген. Осы жайында Мәжіліске Халықаралық электр байланыс одағының Бас хатшысы Хоулинь Чжао мырзаның атынан алғыс хат келіп түст, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.

Форумға қатысушылар ҚР Парламенті Мәжілісінің Қазақстан азаматтары үшін қолайлы ақпараттық орта құруға қатысты елеулі күш-жігерін ерекше атап өткен.

2015 жылғы 16 қарашада "АШЫҚ үкімет" құру үшін заңнамалық база дайындаған "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң қабылданды. Заңның негізгі идеясы – азаматтардың ақпарат алуға конституциялық құқығын іске асыру болып табылады.

Заңмен ақпарат беруге міндетті субъектілер тізбесі кеңейтілді, ақпарат түрлері, оларды ұсыну тәсілдері жүйеге түсіріліп, кеңейтілді, мемлекеттік органдар басшыларының жыл сайынғы ашық баяндамалар жасау практикасы енгізілді.

Азаматтар мен заңды тұлғаларлардың ақпарат алуға құқықтарын іске асыру мақсатында "Электрондық үкімет" веб-порталының тиісті компоненттерінде бірыңғай модуль жасалды, ол "Ашық деректер", "Ашық НҚА", "Ашық бюджет" сияқты үш компоненттен тұрады. Жыл соңында «"Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау" сияқты төртінші компонентті ашу жоспарланып отыр.

Тұтастай алғанда, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді, азаматтардың мемлекетті басқарудағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтіп, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!