Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды

Фотография - Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды

Ол комиссияның құрамына 75 адам енді

429 0

Астанадағы Ұлттық музейде Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтуде. Комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Жер кодексінің нормаларын талқылау мен түсіндіру және ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған болатын.

"Бүгін біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Жер реформасы туралы комиссияның алғашқы отырысына жиналдық. Комиссия құрамында Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, саяси партия жетекшілері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, сарапшылар, ауыл шаруашылығы саласының білікті мамандары, заңгерлер, қоғам белсенділері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері бар. Баршаңызға шақыруымызды қабыл алып, осында келгендеріңізге ризашылығымызды білдіремін", – деді отырысты ашқан Комиссия төрағасы, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

Осы ретте ол комиссия алдында ел үшін тағдырлы мәні бар мәселені мұқият талқылап, ортақ мәмлеге келу міндеті тұрғанын атап өтті.

"Бұған дейін айтылғандай, жер шетелдіктерге сатылған емес, сатылмайды да. Бұл – мемлекеттің мызғымас берік ұстанымы. Біз Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған баптарын мұқият сараптауға тиіспіз. Дегенмен, экономикамызды, ауыл шаруашылығымызды дамыту үшін жер мәселесіне қатысты реформа жүргізу қажеттілігін де мойындауымыз керек", ؘ– деді Комиссия төрағасы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!