6 жылда жерімізді алып кеткен ешкім жоқ — М.Құл-Мұхаммед

Фотография - 6 жылда жерімізді алып кеткен ешкім жоқ — М.Құл-Мұхаммед

Біздің елімізде 1999-2005 жылдар аралығында ел азаматтары мен шетелдіктерге 99 жылға дейін заң аясында жалға беріліп келді

185 0


Ұлттық музейде өтіп жатқан Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед қайсыбір жылдары заң шеңберінде 99 жылға жалға беру күшіне еніп тұрғанда да жерімізді ешкім арқалап әкетпегендігін атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz . 

Отырыста бүгінгі күнге дейін еліміздегі ауыл шаруашылығы жерлердің жай-күйі жөнінде Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов баяндама жасаған болатын. Министр өз сөзінде осы кезге дейін жеріміз жалға беріліп келгендігіне тоқталды.
— Естеріңізде болса, біздің елімізде 1999-2005 жылдар аралығында ел азаматтары мен шетелдіктерге 99 жылға дейін заң аясында жалға беріліп келді, — деген болатын.
Орайы келгенде министрдің осы сөзіне екпін берген М. Құл-Мұхаммед жерді жалға беру біздің тәжірибемізде болғандығын айтып өтті.
— Алты жыл ішінде жерімізді жалға алып, арқалап әкеткен ешкім жоқ. Сондықтан да тиісті тәртіп, талаптарды сақтап, заңдарымызды жетілдіре отырып бос жатқан жерлерді пайдалануды оңтайлы шешуіміз керек, — деді Мұхтар Абрарұлы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!