Қазақстан ауыл шарушылығының көрсеткіштері айтарлықтай төмен – Қуандық Бишімбаев

Фотография - Қазақстан ауыл шарушылығының көрсеткіштері айтарлықтай төмен – Қуандық Бишімбаев

Уақытша пайдалануға берілген жерге қарағанда, жер иелері өңдеген жердің өнімділігі жоғары

477 0

Қазақстан ауыл шарушылығы көрсеткіштері әлемдік көрсеткіштерден айтарлықтай төмен, дейді Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі, Комиссия мүшесі Қуандық Бишімбаев.

"Қазіргі уақытта Қазақстан агроиндустриалды ел болып табылғанымен, тамақ өнімдері мен сусындары жалпы тұтынудағы импортының үлесі 25,6 пайыз болады. Қазақстан ауыл шарушылығы көрсеткіштері әлемдік көрсеткіштерден айтарлықтай төмен. Мәселен, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің көрсеткішінен 10 есе, Ресей көрсеткішінен 2 есе және Беларусь деңгейінен 1,5 есе төмен. Еңбектің капиталымен жарақтануы Ресей көрсеткішінен 3 есе және Беларусь елінен 9 есе төмен. Осының барлығына инвестиция тарту деңгейінің төмендігі себеп болып жатыр, сондай-ақ соңғы 10 жылдың ішінде ауыл шаруашылығына инвестиция тарту көлемі барлық инвестиция қаражатымен салыстырғанда, небәрі 2 пайызды құраған", — деп атап өтті министр.

Оның сөзіне қарағанда, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жерге меншік құқығы инвестиция ағымын ұлғайтуға, жер ресурстарын жақсартуға, ауыл шаруашылығы өнімділігі мен жұмыс қамту деңгейін арттыруға септігін тигізеді. Осы ретте ол бірқатар елдердің тәжірибесіне тоқталып өтті.

"Көптеген әлемдік тәжірибені қорытындылай келе, жер реформасы ешқашан өндірісті төмендетпейді, керісінше әрдайым тиімді нәтижелерге алып келеді. Уақытша пайдалануға берілген жерге қарағанда, жер иелері өңдеген жердің өнімділігі жоғары", — деді Қ. Бишімбаев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!