Мұхтар Шаханов: Жер мүлдем сатылмауы керек

Фотография - Мұхтар Шаханов: Жер мүлдем сатылмауы керек

Сатылу былай тұрсын шетелге жаға берілмеуі де керек дейді ақын Мұхтар Шаханов.

3953 0


Астанадағы Ұлттық музейде Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтуде. Комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Жер кодексінің нормаларын талқылау мен түсіндіру және ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған болатын. 


Жер комиссиясының алғашқы отырысында ақын Мұхтар Шаханов жер мүлдем сатылмсын және шетелге жалға беруді де тоқтату керек деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Today.kz


"Мұнда жұрттар өз пікірлерін айтуда. Біріне қосыламын, біріне қосылмаймын.Біз басты-басты мәселелерді алға қоюымыз шарт. Жер мүлде сатылмауы керек, және шетелдіктерге жалға берілмеуі керек. Ал өзіміздің адамдар иеленгісі келсе иеленсін, алайда олар да үлкен саудагершілікке кетіп қалмауын қадағалау керек. Себебі кезінде жекешелендіру болған кезде он қабатты үйлер мың теңгеге , екі мың теңгеге жекешеленіп кетті. Бұл мәселе төңірегінде даулар көп, түсініспеушіліктер көп, асыра сілтеушілік көп болып отыр. Біз бәріміз барынша шындық биігінен көрінуіміз керек", деді Мұхтар Шаханов. 


Ақын сондай ақ, өз сөзінде бүкіл әлемде материалдық байлық, спорт, шоу бизнес бірінші қатарға шығып кеткенін атап өтті. Ақшасы бардың барлығы ән айтып, клип түсіріп шоумен болып жатқанын алға тартты. 

Жер мәселесі жөнінде ҚР Ұлттық экономика министрі, Комиссия мүшесі Қуандық Бишімбаев та өз пікірін білдірген болатын. Оның айтуынша Қазақстан ауыл шарушылығы көрсеткіштері әлемдік көрсеткіштерден айтарлықтай төмен. Оған себеп инвестиция тарту деңгейінің төмендігі деген болатын

Естеріңізге салсақ , Жер реформасы бойынша Комиссия құрылып, оның құрамына 75 адам енген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!