Ауыл жастарын ақпараттандыруды күшейту керек – М.Әбенов

Фотография - Ауыл жастарын ақпараттандыруды күшейту керек – М.Әбенов

Қала жастары соңғы жылдары ауылға көбірек ат басын бұра бастаған

217 0

Жер кодексіне ұсынылған түзетулерді халыққа тағы да, ауқымда түрде түсіндіру қажет. Жер нарықтық айналымға шығарылса, жаңа жұмыс орындары ашылып, бюджетке ақша түседi, дейді Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында қоғам қайраткері, аталған комиссия мүшесі Мұрат Әбенов.

"Жақында оңтүстiк жақты бiр айналып өттiк. Жастардан қаржы сауаттылығы туралы бiраз сұрадық, ештеңе бiлмейдi. Кредиттi қалай алып, компанияны қалай тiркеу керектiгiн бiлмейдi. Аға буын жердi сақтап қалу керек, ал әрi қарай пайдаланатын жастар ғой. Сондықтан да ауыл жастарын ақпараттандыруды күшейту керек", – дейді М.Әбенов.

Оның айтуынша, қала жастары соңғы жылдары ауылға көбірек ат басын бұра бастаған. Олардың көпшілігі ауылға барып кәсіп жүргізудің тиiмдiлігіне көз жеткізген. Ал ауыл балалары, керісінше, қалаға қашып жатыр. Осы жағдайды түзеу үшiн оларға толыққанды ақпарат беру керек.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!