Шымкентте "Нұр Отанның" кезектен тыс конференциясы өтті

Фотография - Шымкентте "Нұр Отанның" кезектен тыс конференциясы өтті

Отырыс кезінде құрамы 47 азаматтан тұратын Саяси кеңес және саяси кеңес мүшелерінің тізімі бекітілді.

418 0

ОҚО-да "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс ХХVІІ конференциясы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Кеше өңір басшысы – "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының төрағасы Б.Атамқұлов "Нұр Отан" партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХVІІ конференциясына қатысты.

Жиында "Нұр Отан" партиясының "Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық" атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша облыстық партия филиалының міндеттері мен алдағы уақытта атқаратын жұмыстары және ұйымдастыру мәселесіне байланысты саяси құрамына өзгеріс енгізу мәселелері қаралды.

Жиында сөз алған аймақ басшысы "Нұр Отан" партиясының Сайлауалды бағдарламасында нақты бағыттар бойынша берілген тапсырмалардың өңірімізде сапалы әрі уақытылы орындалуы үшін, филиалдан күтілетін жұмыстардың бәрін жасау қажеттігін жеткізді.

Отырыс кезінде құрамы 47 азаматтан тұратын Саяси кеңес және саяси кеңес мүшелерінің тізімі бекітілді.

Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламаға қатысты берген тапсырмалары мен міндеттерін орындау үшін ауқымды жұмыстарды атқару қажеттігіне тоқталып, бірқатар тапсырмалар берді.

Атап айтқанда, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары азаматтарды жеке қабылдап, Ұлттық қордан және бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуына үнемі бақылау жұмыстарын жүргізуі тиіс. Сондай-ақ, мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың жүзеге асуын қадағалап, әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды, оралмандарды және жұмыссыздарды қамту жұмыстарын тиісті деңгейде жалғастыруы қажет


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!