Ерболат Досаев "Байтерек" ұлттық холдингі басқарма төрағасы болып тағайындалды

Фотография - Ерболат Досаев "Байтерек" ұлттық холдингі басқарма төрағасы болып тағайындалды

Бұл орында ол ҚР ұлттық экономика министрлігіне басшы болып барған Қуандық Бишімбаевты ауыстырды

697 0

"Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің төрағалығына бұрынғы ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев тағайындалды, деп жазады Today.kz "НҰХ "Байтерек" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ерболат Асқарбекұлы Досаев 1970 жылы 21 мамырда туған.
1987 жылы Алматыдағы Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатты бітірген. Алматы энергетикалық институтын электронды техника инженері мамандығы бойынша, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірді. Е.Досаев отбасылы, екі баласы бар. Хоббиі: теннис, тау шаңғысы және гольф.
1997 ж. - "Тұран Әлем Банкі" ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, одан кейін «АТФ Банк» ЖАҚ Басқарма төрағасы.
1998 ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңесшісі.
1998 ж. шілдеден - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.
2000 ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.
2001 ж. мамырдан - Қазақстан Даму банкі директорлар кеңесінің төрағасы.
2001ж. қаңтарда - Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
2003 - 2004 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі - Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі.
2004 - 2006 жж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі.
2006 - 2012 жж. "Қазинвестбанк" АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы.
2012 жылғы қыркүйектен - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі.
Мемлекет басшысының 2013 жылғы 16 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып тағайындалды.

2014 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика министрі болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!