Мәжілісте жүргізушілер үшін айыппұлды азайту ұсынылды

Фотография - Мәжілісте жүргізушілер үшін айыппұлды азайту ұсынылды

Бүгін мәжіліс депутаттары Мұхтар Тінекеев пен Нұртай Сәбильянов еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа осылай деп ұсыныс айтты

448 0

Бүгін мәжіліс депутаттары Мұхтар Тінекеев пен Нұртай Сәбильянов еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа осылай деп ұсыныс айтты. Мәжілісмендердің айтуынша, елімізде бір айлық есептік көрсеткіш көлемі көбейді. Соған сәйкес айыппұлдар да былтырғыдан біршама ұлғайып отыр. Дегенмен министр жергілікті полиция қызметкерлерінің әлеуметтік проблемаларын жеткізуге тырысты. Айтуынша, елімізде қоғамдық тәртіпке жауапты 25 мыңнан астам жергілікті полиция қызметкері бар. Тәртіп сақшыларын көбіне баспана мәселесі алаңдатады екен. «Учаскелік полицейлердің жалақысы мардымсыз» деген министр Қасымов сала мамандарына қызметтік ғимараттар пен көліктер жетіспейтінін де алға тартты.

 Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:
- Жол ережесін бұзбауға тырысу керек. Бұл жалпыға ортақ қағида . Айта кетейін, айыппұлды көбейтудің арқасында жол ережесін бұзғандар саны азайды. Бұл әлем елдерінде қолданылатын тәжірибе. Тәртіпке барлығы бірдей бағынуы тиіс.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!