Даниал Ахметов жөндеуден өткен жолдарды тексеруді тапсырды

Фотография - Даниал Ахметов жөндеуден өткен жолдарды тексеруді тапсырды

"Өскемен - Риддер" тас жолы да тексеруден өтпек.

285 0

Аймақ басшысы Даниал Ахметов былтырғы жылы жөндеуден өткен облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды тексеруді тапсырды. "Өскемен - Риддер" тас жолы да тексеруден өтпек.

Кепілді міндеттеме негізінде облыстың жолдарын жөндеген мердігерлер қысқы және көктемгі уақыттан кейін жолдардың жағдайын тексереді.Аталмыш тапсырманы Даниал Ахметов кеңейтілген аппарат кеңесі барысында жауапты ұйым басшыларына жүктеді. 

" Былтыр Өскемен-Риддер тас жолына орташа жөндеу жұмыстары бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Барлық мердігерлер жолдың қазіргі жағдайын тексерсін. Өйткені еріген және жер асты суларын өткізу бойынша жөндеу жұмысы толық тексерілмеген", - деді Даниал Ахметов.

Аймақ басшысының қатаң бақылауында орташа жөндеу жұмыстары. Облыстың кейбір аудандарында жөндеу жұмыстары тәртіпке сәйкес жүргізілмейді. "Өскемен-Бобровка", "Өскемен-Самар" тас жолында олқылықтар тіркелген.

Сонымен қатар Даниал Ахметов облыстағы қалалар мен аудандарды абаттандыру бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Қалалық жолдардағы жөндеу жұмыстарын 1 маусымға дейін, ал облыстық тас жолдардағы жұмыстарды 1 шілдеге дейін аяқтауды тапсырды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!