Еліміздің басым аумағында жаңбыр жауып, жел күшейеді

Фотография - Еліміздің басым аумағында жаңбыр жауып, жел күшейеді

Қазгидрометтің мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал

314 0

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, тек Қазақстанның солтүстігінде ғана ауа-райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды BNews.kz. 

Қазгидрометтің мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысының кейбір ауданында тұман түседі, күндіз жел тұрады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда өңірлерінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі күтілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!