Бас прокуратура пәтер алаяқтығының артып кеткенін айтады

Фотография - Бас прокуратура пәтер алаяқтығының артып кеткенін айтады

Талдау көрсеткендей, соңғы уақытта пәтерге байланысты алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті.

430 0

2015 жылы республика бойынша пәтерлерді және үйлерді сатумен байланысты алаяқтықтың 700-ден астам фактісі тіркелген, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 3 айы ішінде осындай сипаттағы фактілер бойынша 519 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы басталды.

Алаяқтардың адамдарды алдадың кең тарағаны әдісі – пәтерді нарықтық бағадан төмен бағаға сату.

Басқа жағдайларда алаяқтар мемлекеттік бағдарламалар бойынша үй алуға көмек береміз деген уәдемен жәбірленушілерден алдау жолымен ірі сомалар алып отырған.

Мысалы Орал қалалық сотының үкімі бойынша мүлкін тәркілеу және әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен 5 әйел адам сотталды.

Бұл әйелдер тобы өздерін жылжымайтын мүлікті сату жөніндегі менеджерлер ретінде таныстырып, мемлекеттік бағдарлама бойынша арзан пәтерлерді сатып алуға жәрдемдесуге уәде берген. Ақшаны беру қарыз шартымен рәсімделеді. Нәтижесінде ақша да жоқ, пәтер де жоқ.

Бұл әдісті алаяқтар бір жыл бойы қолданып келген, олар елуден астам азаматты алдап, әрқайсысына 30 бен 50 мың АҚШ доллары көлемінде залал келтірген. 2015 жылы алаяқтардың құрығына түскен азаматтар құқық қорғау органдарына шағымдана бастаған уақытта олардың қылмыстық әрекеттері тоқтатылды. Қазіргі уақытта кінәлілер сотталды, алайда залал толығымен өтелген жоқ.

Бұл алаяқтықтың бірнеше түрі ғана, ал қазіргі заманда олардың түрлері өте көп.

Жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жоспарлау барысында, әр адам өзін алаяқтардан қорғау туралы ойлануы керек. Ол үшін жылжымайтын мүлік объектісінің бағасына назар аударған жөн, өйткені пәтерлер тым арзанға сатылмайды. Ең алдымен басты назарды адамдарға емес, құжаттарға аудару қажет. Барлық құжаттар рет-ретімен толық болуы керек және сізге мәміле алдында берілуі міндетті. Сонымен қатар барлық жағдайда құжаттардың түпнұсқасын талап етіңіздер.

Пәтер алаяқтылығы аңыз емес! Сондықтан арзан бағаның соңына ілесіп кетпеңізер, бұл алаяқтардың құрған тұзағы. Сіз неғұрлым қырағы болсаңыз, онда соғұрлым қауіпсіз әрі тыныш боласыз.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!