Ертең Павлодарда қазақ тіліндегі жалпықазақстандық ашық диктант өтеді

Фотография - Ертең Павлодарда қазақ тіліндегі жалпықазақстандық ашық диктант өтеді

Бұл туралы "Қоғамдық келісім" КМК медиа қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Мақсат Айтпаев мәлім етті.

721 0

Ертең, 18-мамыр күні Павлодарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант өтеді. Бұл туралы "Қоғамдық келісім" КМК медиа қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Мақсат Айтпаев мәлім етті.

"Диктант Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы аясында ұлы ақын, философ Абай Құнанбаевтың туындылары негізінде ұйымдастырылады. Өткізілетін орны - 1 Мамыр көшесі, 35/1 мекенжайы бойынша «Достық» үйінің мәжіліс залы және Ленин көшесі, 59 бойындағы Павлодар облысы әкімі аппаратының аймақтық мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы, 107 кабинет. Сондай-ақ, бұл шарадан қаланың жоғары оқу орындары мен мектептері де тыс қалмайды. Шараға этномәдени бірлестіктердің мүшелері, мемлекеттік және мәдениет қызметкерлері, оқытушылар, студенттер мен оқушылар қатысады", - деді Мақсат Айтпаев.

pavlodarnews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!