Дәурен Абаев "Хабар" агенттігінің" жаңа басшысын таныстырды

Фотография - Дәурен Абаев "Хабар" агенттігінің" жаңа басшысын таныстырды

Бұл орынға Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген Алмагүл Ахметжанова тағайындалды.

300 0

2016 жылғы 18 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Хабар" Агенттігі" АҚ ұжымына жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлайды "Хабар" агенттігі. Бұл орынға Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген Алмагүл Ахметжанова тағайындалды.

Алмагүл Ахметжанова 2016 жылғы 16 мамырда Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалған Айдос Үкібайдың лауазымына орналасады.

Алмагүл Ауғалиқызы Ахметжанова 1975 жылғы 4 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. ҚазМҰУ 1998 жылы «Әлеуметтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Магистр дәрежесі бар.

Алмагүл Ахметжанова Агенттіктегі өз еңбек жолын 1999 жылы редактор және продюсер лауазымында  бастады.  2002 - 2004 жылдары бағдарламалар дирекциясының жетекшісі, 2005 - 2011 жылдары бағдарламалар дирекциясының директоры, 2012 жылдан бастап күні бүгінге дейін – Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары лауазымында қызмет етті.

"Хабар" Агенттігі" АҚ - медиа холдингі 1995 жылы құрылды және Қазақстанда және шет елде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын "Хабар" арнасы, жерсеріктік арна "Kazakh TV", тәулік бойы ақпарат тарататын арна "24 KZ" және мәдени-ағартушылық арна "Білім және Мәдениет" атты төрт арнадан тұрады.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!