19-20 мамырда Астанада ДКҰ Еуропа өңірлік кеден басшыларының конференциясы өтеді

Фотография - 19-20 мамырда Астанада ДКҰ Еуропа өңірлік кеден басшыларының конференциясы өтеді

ДКҰ Еуропа өңірінің 50-ден аса елінің кеден қызметінің басшылары мен өкілдері келеді деп күтілуде

203 0

Астанада 2016 жылғы 19-20 мамыр аралығында "Rixos President Astana" отелінде Дүниежүзілік кеден ұйымы Еуропа өңірлік кеден басшыларының конференциясы өтеді.

ДКҰ Еуропа өңірінің 50-ден аса елінің кеден қызметінің басшылары мен өкілдері келеді деп күтілуде. Бұдан басқа Конференцияға Бас хатшы, оның орынбасары, сондай-ақ ДКҰ Еуропа өңірінің Вице-төрағасы қатысады.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ашады.

Конференция барысында кеден қызметінің басшылары өңірлік кедендік ынтымақтастықтың өзекті тақырыптарын талқылап, сонымен қатар Саяси комиссия және ДКҰ Ынтымақтастық кеңесінің кезекті сессияларына ұсыныстарды әзірлейді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!