Ерлан Қарин: Қазақстаннан Сириядағы соғысқа екі жүзге жуық отбасы кеткен

Фотография - Ерлан Қарин: Қазақстаннан Сириядағы соғысқа екі жүзге жуық отбасы кеткен

Қазақстаннан түрлі діни ағымның жетегімен Сирияға аттаған отбасылар саны екі жүзге жуықтайды.

327 0

Қазақстаннан түрлі діни ағымның жетегімен Сирияға аттаған отбасылар саны екі жүзге жуықтайды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин Ұлттық Ұланның Бас қолбасшылығында өткізген "Терроризм қауіп-қатері: халықаралық және аймақтық аспектілер" атты тақырыптағы дәрісінде айтып өтті. 

Бүгінде әлемде лаңкестік оқиғалардың жиі орын алатыны белгілі. Азия елдерінде жиі тіркелетін оқиғалар бүгінде мыңдап саналады. Түрлі діни ұйымдардың арбауымен шекара асып, Сирияда соғысып жүргендер деп өте көп.

"Қазіргі таңда Қазақстаннан Сирияға аттанғандар отбасылар саны 200-ге жуықтайды. Салыстырмалы түрде көршілес Қырғызстаннан кеткен отбасылар саны бес жүздің маңайында. Ал Тәжікстаннан аттанған отбасылар саны мыңнан асып отыр. Бұл ең басты өзекті мәселенің бірі", дейді Ерлан Қарин.

Сирияда ИГИЛ-дің құрамына кіргенде содырларды үш топқа бөліп қарастыруға болады. Олардің біріншісі тобы проблемалық жағдайымен діни ұйымдардың арбауына түскендер. Солардан қолдау көріп, ақыр соңында шекара асып кетіп отыр. Одан кейін дін ұстанғандардың алданып қалуы кіреді. Оларға насихат діни насихат жүргізетіндер Сириядағы соғысқа ислам үшін қатысуға үгіттейді-міс. Қалғандары діни фанатизмнің жетегімен соғысқа кеткендер болып саналады.

"Сирияда соғысып жүргендердің бір тобы араб елдерінен келгендер болса, екінші легі Еуропдан келгендер. Сондай-ақ, посткеңестік елдерден келіп соғысып жүргендер саны бес мыңның маңайында болып отыр. Бүгінде әлемдегі ең күшті діни ұйым ретінде ИГИЛ-ды атауға болады. Қазір олар Сирияның басым бөлігін өз уыстарында ұстауда. Жасақтарының қатарына тартылғандардың ішінде тайландықтар, тіпті Жапония мен Кореядан барғандар да кездескен", дейді Е.Қарин.


Baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!