Бүгін Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырыс өтті

Фотография - Бүгін Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырыс өтті

Мәжіліс депутаттары ілеспелі құжатпен, "Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы" заң жобасын жұмысқа қабылдады.

380 0

Халық қалаулылары Сауд Арабиясы Корольдігімен табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы үкіметаралық конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі.

Бұл Хаттама 2011 жылғы 7 маусымда Астанада жасалған. Осы тақырып бойынша баяндама жасаған Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша Конвенцияның мақсаты инвестициялар салу үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігінің арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту.

Негізгі салық түрлері Қазақстан жағдайында корпоративтік табыс салығы және жеке табыс салығы болса, Сауд Арабиясы Корольдігі жағдайында Зекет және табиғи газдың инвестициялық салығын қамтитын табыс салығы болып отыр.

Конвенцияда оларға сәйкес дивидендтерге, борыштық талаптардан алынатын табыстарға және роялтиге төмендетілген мөлшерлемелер бойынша табыс көзі пайда болатын мемлекетте салық салынуы мүмкін ережелер көзделген, сонымен қатар, өзара келісу, ақпарат алмасу тетігі және Конвенцияның күшіне енуі мәселелері де реттелген.

Қосымша баяндамашы Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Құдайберген Ержан Мәжіліс Комитеттерінің Конвенцияны және оған Хаттаманы оң бағалайтынын жеткізе келіп, оларды ратификациялауды ұсынды.

Сондай-ақ, осы күні Мәжіліс депутаттары ілеспелі құжатпен, "Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы" заң жобасын жұмысқа қабылдады.

Жалпы отырыста депутаттар Қазақстан Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері бойынша және бірқатар ратификациялық құжаттарға қатысты, мәселен, 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан мен Ресей арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы, сонымен қатар, ТМД қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялауға байланысты бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындады.

Тағы бір атап өтерлігі, Мәжіліс осы күні Парламент Мәжілісінің депутаты Роман Склярдың Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалуына байланысты депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені қарап, арнайы Қаулы қабылдады.

Мәжіліс Төрағасы Б. Ізмұхамбетов әріптестері атынан Роман Склярға Парламент қабырғасында бірлесіп атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметте табыс тіледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!