ОҚО-да Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті

Фотография - ОҚО-да Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті

Жиында отбасылық құндылықтарды нығайту жұмыстары талқыланды

228 0

Бүгін облыстық "Қоғамдық келісім" КММ-де ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі.

Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының сектор меңгерушісі Нәзипа Шанаи, ОҚО Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов және кеңестің мүшелері қатысты.

Басқосуда қазақстандық біртектілік пен жалпыұлттық бірлікті нығайту мен дамытудың іргетасы ретінде отбасылық құндылықтарды нығайту жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар, онда жастар тәрбиесі бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды дамытудың жайы сараланды. Отырыс барысында Аналар кеңесінің жұмысын ауыл-аймақтарда жандандыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!