Air Astana Моңғолияға рейстерден бас тартуға мәжбүр

Фотография - Air Astana Моңғолияға рейстерден бас тартуға мәжбүр

Компания Моңғолия әрекеті бойынша ИКАО-ға арызданбақ.

372 0

Air Astana Қазақстан мен Моңғолия астаналары арасындағы 2016 жылдың 2 маусымынан басталу керек болған рейстерді тоқтатуда. Бұған себеп Моңғолияның авиациялық үкіметінің мұның алдында берілген рұқсатын қайтып алуы, деп жазады Today.kz.

Компаниядан айтып өткендей, Air Astana екі айға жуық уақыт кететін рұқсат құжаттамаларын өткізуді бастап кеткен болатын. Компания Моңғолияның азаматтық авиация аудитінен өткен және бір де бір ескерту алмаған. Моңғолияның авиациялық үкіметі рұқсатты 2016 жылдың наурыз айында беріп, сәуір айында бұл рұқсатын ешбір негізсіз бір жақты шешіммен қайта шақыртып алды.

Бұл іске ҚР СІМ мен ҚР ИДМ араласуы да еш нәтиже бермеген, ал Моңғолия билігінің бұл шешімінің себебіне қатысты әлі біржақты жауап бермеген. Моңғолия әр кезде әртүрлі жауап қайтаруда.

Компания Моңғолия әрекеті бойынша ИКАО-ға арызданбақ.

Қазір Air Astana берілген бағытқа билет алып қойған жолаушылармен байланысқа шығуда.

Естеріңізге салсақ, 28 наурыз күні Росавиация қазақстандық Air Astana компаниясына Ресей аумағымен Астана-Улан-Батор бағытында ұшуға рұқсат бермеді. Себебін бұл тарап та нақтылап айтпаған.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!