Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз

Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр сақталады

260 0

Бүгін Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр сақталады, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Кей жерлерде тұман болып, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 19-24 м/с болады, түнде кей жерлерде тұман байқалады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда облысында күндіз желдің екпіні 25 м/с шамасында күтіледі.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Түнде Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!