Жер комиссиясындағы жұмыс топтарының жетекшілері тағайындалды

Фотография - Жер комиссиясындағы жұмыс топтарының жетекшілері тағайындалды

Экономикалық топқа 26 адам, құқықтық топқа 14 адам, ұйымдастырушылық топқа 16 адам, ақпараттық түсiндiру тобына 16 адам кiрiп отыр.

352 0

Премьер-министрдің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев жетекшілік еткен отырыста комиссия құрамының ішінен арнайы бағыттар бойынша 4 жұмысшы тобын құру көзделген. "Экономикалық топқа 26 адам, құқықтық топқа 14 адам, ұйымдастырушылық топқа 16 адам, ақпараттық түсiндiру тобына 16 адам кiрiп отыр", - дейді комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев.

Экономикалық бағыттағы жұмысшы тобының жетекшілігіне - С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев

Құқықтық заңнамалық топтың жетекшілігіне қоғам белсендісі - Мұхтар Тайжан

Ақпараттық түсiндiру тобы - Мұрат Әбенов 

Ұйымдастырушылық мақсаттағы жұмыс тобын Дос Көшiм басқарады.

Айта кетейік, Ұлттық музейде Жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтуде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтіп жатыр. Жалпы, талқылау тек елорда төрінде ғана өтпек емес. Алдағы уақытта, нақты айтқанда маусым айынан бастап комиссия мүшелері өңірлерге сапарға шықпақ. Бұл ретте комиссия мүшелері жергілікті әкімдіктер жанына құрылған қоғамдық кеңестермен бірлесе жұмыс істеп, қоғамның көкейіндегі түйткілді мәселелерді жан-жақты талқылайтын болады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!