М.Құл-Мұхаммед: жерге жеке меншік құқығы қазақтың ата-баба дәстүрінде бар

Фотография - М.Құл-Мұхаммед: жерге жеке меншік құқығы қазақтың ата-баба дәстүрінде бар

Қазақстанда еш уақытта жер жеке меншікте болмаған деген ұшқары пікір жүргенін айта келе, бұл мәселеге қатысты өз ойын айтты.

349 0

Астанада Жер реформасы жөніндегі комиссияның екiншi отырысында "Нұр Отан" партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед жерге жеке меншік мәселесiне тоқтала келе, мұның қазақтың ата-баба дәстүрінде бұрыннан бар екенiн айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Жерді жеке меншікке беру керек пе, жоқ па? Жалпы, Конституцияның 6-бабында жер жеке меншікте де, мемлекет меншігінде де болуы керек деп жазылған. Қанша комиссия құрсақ та, қанша қаулы қабылдасақ та онда қабылданған шешім Конституцияға қайшы келетін болса, ондай заңның ешқандай да күші болмайды. Яғни, осыған байланысты жер жеке меншікте де болуы керек", - дейді М. Құл-Мұхаммед.

Бұдан бөлек, ол басылым беттерiнде Қазақстанда еш уақытта жер жеке меншікте болмаған деген ұшқары пікір жүргенін айта келе, бұл мәселеге қатысты өз ойын жеткiздi.

"Егер әлемде жер меншігі бір халықта болған болса, ол қазақ халқында ғана болатын еді. Қазақтың жайлауы да, қыстауы да, керек десеңіз көшіп-қонғандағы маршруты да белгілі болған. Көшіп-қонуда басқа рудың жеріне түсіп кетсе, руаралық қақтығыстар болған. Сондықтан да, жерге жеке меншік құқығы қазақтың ата-баба дәстүрінде бар", - деді ол.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!