Жыл соңына дейін ортақ дәрі-дәрмек нарығы құрылуы мүмкін

Фотография - Жыл соңына дейін ортақ дәрі-дәрмек нарығы құрылуы мүмкін

None

163 0

Одақтас мемлекеттер арасындағы ортақ дәрі-дәрмек нарығы 2016 жылдың соңына дейін құрылуы мүмкін.  

Еуразиялық экономикалық комиссия мүшелері тиісті құжат бекітті. Онда ұйымға мүше мемлекеттердің мүдделері ескеріліп, барлық ережелер мен міндеттер көрініс тапқан. Келісім бойынша Одақ аумағында айналымға шығарылатын емдік препараттар арнайы белгімен белгіленетін болады. Сондай-ақ дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты және оларға қойылатын ортақ талаптар бекітілді. Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен ортақ нарықтың ақпараттық жүйесін құру қарастырылып отыр. Одақ аумағында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық өнімдердің атаулары, оларды өндіретін және зерттейтін мекемелердің толық тізімі сол жүйеге енгізіледі.


khabar.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!