"Нұр Отан" партиясы Орталық аппаратының басшысы тағайындалды

Фотография - "Нұр Отан" партиясы Орталық аппаратының басшысы тағайындалды

Ақылбек Жәмелұлы Ихданов Алматы Халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша тәмәмдаған

164 0

"Нұр Отан" партиясы Орталық аппаратының басшысы болып Ақылбек Ихданов тағайындалды, деп хабарлайды баспасөз қызметі. 

Бұған дейін А. Ихданов ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

Ақылбек Жәмелұлы Ихданов Алматы Халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Әр жылдары ҚР Еңбек министрлігінде, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінде еңбек еткен. ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының жетекшісі болып жұмыс істеді.

2009 жылдың сәуір айынан бастап "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі ретінде қызмет атқарған. 2009 жылдың маусым айынан бастап "Нұр Отан" ХДП Орталық аппараты партиялық ұйымдастыру жұмысы департаментінің директоры. 2011 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Нұр Отан" ХДП фракциясы Аппаратының жетекшісі болды.

Партия аппараты басшысы қызметіне тағайындалғанға дейін А. Ихданов ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. «"Құрмет" орденімен марапатталған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!