Полиция қызметкерлері журналистер құқығын білулері керек - сарапшылар

Фотография - Полиция қызметкерлері журналистер құқығын білулері керек - сарапшылар

Қоғам белсенділері мен заңгерлер полицияның журналистерге қатысты әрекетіне баға берді

490 0

21 мамыр күні журналистерді заңсыз ұстағаны үшін жауапкершілік Қазақстанның түрлі қалаларында полицейлік операцияларды басқарған бөлімшелер жетекшілерінің мойнында. Заңгерлер бір ауыздан осындай пікір білдіруде. Осылайша, Александр Каплан Today.kz тілшісіне берген сұқбатында "БАҚ туралы" Заңның 20-бабының 4-тармағына сәйкес журналист табиғат апаты орындарында, митинг пен шерулер өтіп жатқан орындарда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдде мен қарсылықты білдіру орнында болуға құқы бар екенін еске салды.  

"Алматыда Республика алаңында және өзге орындарда журналистерді қызметтік құжат көрсетілгенімен ұстап әкеткені белгілі. Бұл деген ҚР ҚК 158-бабын өрескел бұзу, бұл үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуға болады", - дейді заңгер.

Естеріңізге салсақ, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха Астанада өткен брифинг барысында бұл ұстап әкетулерді қателік деп түсіндірді және оның пайымдауынша полиция қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды білмейді.

Адам құқығы бойынша халықаралық бюроның қазақстандық кеңесінің төрағасы Евгений Жовтис қателік және түсінбестік деп айтылған пікірдің еш сын көтермейтінін айтады. Ол полиция қызметкерлері көлемді арнайы операция алдында жетекшілерінен нақты нұсқаулар алатындығын баса айтып өтті. Сонымен бірге ол журналист ұсталу кезінде ешбір қарсылық көрсетпеу керегін айтады. Ал ІІАБ-де репортер ешқандай түсініктеме бермеуге және адвокат талап етуге құқылы. Оның үстіне полиция сот санкциясынсыз төрт сағаттан артық уақыт ұстауға құқы жоқ.

Ал ҚР Журналистер одағының төрайымы қызметін уақытша орындаушы Тамара Калеева 21 мамыр күні кездейсоқтық үшін тым көп журналист ұсталғанын айтады. Ол полицияның БАҚ өкілдеріне қатысты әрекетін не надандық, не құқықтық нигилизм көрінісі екенін айтты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!