Қазақстанда педофилдер туралы электронды мәлімет базасы іске қосылды

Фотография - Қазақстанда педофилдер туралы электронды мәлімет базасы іске қосылды

Базада мыңдаған қазақстандықтар туралы мәлімет бар

924 0

Қазақстанда педофилдердің электронды мәлімет базасы пайда болды. Бас прокуратураның Құқықтық статистика мен арнайы есеп комитетінің сайтында жаңа бөлім – кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалды сипаттағы зорлық көрсеткен Тұлғалардың картасы ашылды, деп жазады Today.kz.

"Мәліметтер "Геоақпараттық жүйе" бөлімінде электронды карта түрінде орналастырылған. Онда қылмыскерлер туралы мәлімет (сурет, аты-жөні, туған күні, тұрғылықты жері және сотталуы туралы мәлімет) орналастырылған. Бұл ақпарат өзіңізді және балаларыңызды қауіпсіздендіруге көмектеседі", - делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Баспасөз қызметінде мұндай қылмысты төмендетуге шетелдік практика қолданылғанын да атап өтті. Соның ішінде, сотталғандарды шектеу шаралары мен химиялық кастрация да қарастырылған.

Естеріңізге салсақ, Құқықтық статистика мен арнайы есеп комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаева мәлімет базасында 1,2 мың тұлға туралы ақпарат барын мәлімдеді.  Дегенмен, әзірге картада барлық педафилдер туралы ақпарат енгізілмеген.

"Карта біртіндеп енгізіледі, қосымша ақпарт салынып отырады. Бізде 1991 жылдан бүгінгі күнге дейінгі база. Біз ІІМ біріге отырып, оны ары қарай толықтырып отырамыз", - дейді баспасөз қызметінен.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!